Logotype Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі
 
 

 

АБАЙ МҰРАСЫ – ҰРПАҚҚА АМАНАТ!

Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының шығармашылығын насихаттауға арналған «Абай оқулары» байқауы өтті.

 Іс-шараның мақсаты – Абай мұрасы арқылы жастарды білімге, адалдыққа, адамгершілікке баулу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және кітап оқу мәдениетін қалыптастыру.

Шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы бейнефильм көрсетіліп, тарих пәнінің оқытушысы Касыхан Озат Абайдың тарихи тұлғасына кеңінен тоқталды.

 Байқау қорытындысы бойынша:

 Бас жүлде – Қожабек Нұрәли Саматұлы (БК-9-26-1 тобы). Ол Абайдың 10-нан астам өлеңін жатқа оқып, ерекше өнер көрсетті.

 «Үздік мәнерлеп оқу» – Кенжебай Аягөз (ЕТ-9-26-2 тобы). Ақынның өлеңдері мен қарасөздерін шебер жеткізді.

 Сенбекова Жаннұр, Дауылбай Бейбіт, Бахриддин Абдусалам Абай шығармаларын мәнерлеп оқып, әндерін нақышына келтіре орындады. Жанерке Қарақат пен Абилхасенова Аруна да көрермен ықыласына бөленді.

 «Үздік ой толғау» аталымында Сергей Можаитин (ВТ-9-26-1 тобы) мен Амир Керимов (ПО-9-26-1 тобы) жеңімпаз атанып, Абай мұрасының ұлт пен тіл шекарасынан биік екенін көрсетті.

instagram-нан қараңыз.  facebook-тен қараңыз. 

 

 

ЭЛЕКТРОНДЫ АДРЕСІ college_tek@mail.ru
БІЗГЕ КЕЛІҢІЗ Астана қ., Кенесары 60
КОНТАКТЫ
Қабылдау комиссиясы +7 747 651 81 35
+7 (7172) 50-18-30
Бухгалтерия +7 (7172) 52-41-48
Кадрлар бөлімі +7 (7172) 50-18-33
Оқу бөлімі +7 (7172) 50-18-35
 

Яндекс.Метрика

 
 
© 2026 ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ЖОҒАРЫ  КОЛЛЕДЖІ.
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН.