Logotype Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі
 
 

АҒЫЛШЫН ТІЛІ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ҰШТАСТЫРҒАН АШЫҚ САБАҚ!

2026 жылғы 15 қазанда Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Әти Гүлфайруз М-9-26-2 тобының студенттерімен «Money and Its Functions» («Ақша және оның қызметтері») тақырыбында ата-аналардың қатысуымен ашық сабақ өткізді.

 Сабақтың басты мақсаты – студенттердің ағылшын тілінде еркін сөйлеу дағдыларын жетілдіру, қаржылық сауаттылығын арттыру және тілдік білімдерін болашақ мамандығымен байланыстыру

 Сабақ барысында студенттер ақшаның негізгі қызметтерін ағылшын тілінде талқылап, жаңа терминдерді меңгерді. Жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдаланып, интерактивті тапсырмалар орындап, топтық жұмыстар арқылы білімдерін тәжірибеде қолданды.

 Ашық сабаққа ата-аналардың қатысуы білім беру үдерісінің ашықтығын көрсетіп, колледж бен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайта түсті.

 Заманауи технологиялар, шет тілін меңгеру және кәсіби білімнің үйлесімі – бәсекеге қабілетті маман даярлаудың маңызды негізі!

instagram-нан қараңыз.  facebook-тен қараңыз.

 

 

ЭЛЕКТРОНДЫ АДРЕСІ college_tek@mail.ru
БІЗГЕ КЕЛІҢІЗ Астана қ., Кенесары 60
КОНТАКТЫ
Қабылдау комиссиясы +7 747 651 81 35
+7 (7172) 50-18-30
Бухгалтерия +7 (7172) 52-41-48
Кадрлар бөлімі +7 (7172) 50-18-33
Оқу бөлімі +7 (7172) 50-18-35
 

Яндекс.Метрика

 
 
© 2026 ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ЖОҒАРЫ  КОЛЛЕДЖІ.
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН.