«ОТАНЫН СҮЙГЕН ҰРПАҚ – ЕЛІНІҢ ТІРЕГІ»
25 қазан – Республика күніне орай Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде «Отанын сүйген ұрпақ – елінің тірегі» тақырыбында кураторлық сағаттар өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – студенттердің бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ел тарихына құрмет пен мемлекет болашағына деген жауапкершілікті арттыру.
Кураторлық сағат барысында еліміздің тәуелсіздік жолындағы жетістіктері, Республика күнінің тарихи маңызы және әр азаматтың ел дамуына қосар үлесі туралы айтылды.
Отанын сүйетін, білімді, саналы әрі жауапты ұрпақ – тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы!
instagram-нан қараңыз.
facebook-тен қараңыз 


Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі