Заң мен тәртіп — қауіпсіз қоғамның негізі
2026 жылғы 22 қазанда «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Заң және тәртіп» бағыты аясында Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде студенттерге арналған дәріс өтті.
Кездесуге Астана қаласы «Байқоңыр» ауданы ПБ ҚҚБ УПИ полиция майоры Ж. К. Айтбаев және Астана қаласы ПД ҚТО бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Б. С. Ракишев қатысты.
Дәрісте құқық бұзушылықтың алдын алу, буллинг, киберқауіпсіздік, лудомания және ұсақ бұзақылық мәселелері қозғалды. Студенттерге заңға құрметпен қараудың, өз әрекеті үшін жауапкершілік алудың және қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңызы түсіндірілді.
instagram-нан қараңыз.
facebook-тен қараңыз. 


Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі