КӨК БАЙРАҒЫМ – ЕЛДІГІМНІҢ БЕЛГІСІ!
25 қазан – Республика күніне орай Қазтұтынуодағының жоғары колледжінің студенттері Мемлекеттік Туға құрмет көрсету мақсатында патриоттық челлендж ұйымдастырды.
Көк байрақ – ел тәуелсіздігінің, халқымыздың бірлігі мен асқақ рухының символы. Студенттеріміз қасиетті Туымызбен суретке түсіп, Отанға деген сүйіспеншіліктерін, ел болашағына деген сенімдерін білдірді.
Бұл челлендж – жастардың бойындағы отансүйгіштік рухты нығайтып, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті дәріптеудің жарқын көрінісі.
Көк байрағымыз әрдайым биікте желбіреп, еліміздің мерейі үстем болсын!
instagram-нан қараңыз.
facebook-тен қараңыз. 


Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі