Logotype Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі
 
 

МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ

 2026 жылғы 23 қазанда Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде математика пәнінің оқытушысы Сауханова Гүлнар Кусаиновна БКЕ-9-26-2 тобының студенттерімен «Дәрежелік функция, оның қасиеттері мен графигі» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Ашық сабаққа ата-аналар мен жас педагогтер қатысты.

 Сабақтың негізгі мақсаты – студенттердің математикалық сауаттылығын арттыру, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру және теориялық білімдерін тәжірибеде қолдану дағдыларын дамыту.

 Сабақ барысында GeoGebra, Desmos, BilimLand платформалары мен жасанды интеллект құралдары тиімді пайдаланылды. Заманауи цифрлық технологиялар студенттердің функциялардың қасиеттерін тереңірек түсінуіне, графиктерді талдауына және алған білімдерін бекітуіне мүмкіндік берді.

 Ашық сабақ білім беру үдерісіне инновациялық әдістерді енгізудің тиімділігін көрсетіп, жас педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына және ата-аналардың оқу үдерісімен жақынырақ танысуына ықпал етті.

instagram-нан қараңыз.  facebook-тен қараңыз. 

 

 

ЭЛЕКТРОНДЫ АДРЕСІ college_tek@mail.ru
БІЗГЕ КЕЛІҢІЗ Астана қ., Кенесары 60
КОНТАКТЫ
Қабылдау комиссиясы +7 747 651 81 35
+7 (7172) 50-18-30
Бухгалтерия +7 (7172) 52-41-48
Кадрлар бөлімі +7 (7172) 50-18-33
Оқу бөлімі +7 (7172) 50-18-35
 

Яндекс.Метрика

 
 
© 2026 ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ЖОҒАРЫ  КОЛЛЕДЖІ.
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН.