Logotype Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі
 
 

25 қазан – Республика күніне орай Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде «Менің елім – Қазақстаным!» атты салтанатты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – студенттердің бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және ел тарихына деген құрметті арттыру.

Мерекелік шара барысында тарих пәнінің оқытушысы Хасыхан Озат Республика күнінің тарихи маңызына тоқталып, 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның Қазақстан тәуелсіздігінің негізін қалаудағы рөлі туралы мазмұнды баяндама жасады. Сондай-ақ ел егемендігінің құндылығын, ұлттық бірлік пен тәуелсіздікті сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

 Мерекелік бағдарлама студенттердің патриоттық әндері мен әсерлі би қойылымдарына ұласты. Жас өнерпаздар өз өнерлері арқылы туған елге деген сүйіспеншіліктерін паш етіп, көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлады.

 Аталған іс-шара жастардың тарихи санасын қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілігін арттыруға және елдік рухын нығайтуға ықпал етті.

 Республика күні – елдігіміздің айғағы, тәуелсіздігіміздің бастауы!

instagram-нан қараңыз.  facebook-тен қараңыз. 

 

 

ЭЛЕКТРОНДЫ АДРЕСІ college_tek@mail.ru
БІЗГЕ КЕЛІҢІЗ Астана қ., Кенесары 60
КОНТАКТЫ
Қабылдау комиссиясы +7 747 651 81 35
+7 (7172) 50-18-30
Бухгалтерия +7 (7172) 52-41-48
Кадрлар бөлімі +7 (7172) 50-18-33
Оқу бөлімі +7 (7172) 50-18-35
 

Яндекс.Метрика

 
 
© 2026 ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ЖОҒАРЫ  КОЛЛЕДЖІ.
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН.