Logotype Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі
 
 

2026 жылғы 27 қазанда шетел тілі пәнінің оқытушысы Yessimkyzy Tolkyn А-9-26-4 тобының 1-курс студенттерімен «Managing Your Budget» тақырыбында ата-аналар мен оқытушылардың қатысуымен ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты — студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыру, ақшаны тиімді басқару, кірістер мен шығыстарды жоспарлау және үнемдеу дағдыларын қалыптастыру.

Студенттер белсенділік танытып, өз мамандықтары аясында қаржыны дұрыс басқару, қаражатты тиімді пайдалану және болашақ кәсіби қызметінде қаржылық шешімдерді сауатты қабылдау жолдарын қарастырды.

 Сабақ барысында теориялық білімді өмірлік және кәсіби жағдайлармен байланыстыруға, жауапкершілік пен үнемшілдік қасиеттерін қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

 Интерактивті ойындар, жасанды интеллект құралдары және «доллар» жинау арқылы бағалау студенттердің қызығушылығын арттырды.

 Ата-аналар балаларының белсенділігі мен жетістіктеріне куә болып, сабақты жоғары бағалады.

instagram-нан қараңыз.  facebook-тен қараңыз. 

 

 

ЭЛЕКТРОНДЫ АДРЕСІ college_tek@mail.ru
БІЗГЕ КЕЛІҢІЗ Астана қ., Кенесары 60
КОНТАКТЫ
Қабылдау комиссиясы +7 747 651 81 35
+7 (7172) 50-18-30
Бухгалтерия +7 (7172) 52-41-48
Кадрлар бөлімі +7 (7172) 50-18-33
Оқу бөлімі +7 (7172) 50-18-35
 

Яндекс.Метрика

 
 
© 2026 ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ЖОҒАРЫ  КОЛЛЕДЖІ.
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН.