Logotype Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі
 
 

ҚОЗҒАЛМАЛЫ ОЙЫНДАР – ҚОЗҒАЛЫС ПЕН БЕЛСЕНДІЛІК КЕПІЛІ!

 2026 жылғы 19 қазанда Астана қаласындағы Қазтұтыну одағының жоғары колледжінде П-9-26-1 тобында дене шынықтыру пәнінен оқытушы Темір Қайратұлының «Қозғалмалы ойындар» тақырыбында ашық сабағы өткізілді.

 Сабақтың негізгі мақсаты – студенттердің дене белсенділігін арттыру, қимыл-қозғалыс дағдыларын дамыту, ептілік пен шапшаңдықты жетілдіру, сондай-ақ командалық жұмысқа бейімдеу.

 Сабақ барысында студенттер түрлі қозғалмалы ойындарға қатысып, өздерінің жылдамдығын, икемділігін және ұйымшылдығын көрсетті. Ойын элементтері арқылы студенттердің сабаққа деген қызығушылығы артып, өзара ынтымақтастық пен командалық рух қалыптасты.

 Қозғалмалы ойындар – тек дене шынықтыру құралы ғана емес, сонымен қатар жастарды салауатты өмір салтына баулып, жауапкершілікке, тәртіпке және бірлікке тәрбиелеудің тиімді жолы.

 Ашық сабақ жоғары белсенділік пен жағымды көңіл күйде өтіп, студенттердің спортқа деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.

 Оқытушы Темір Қайратұлына шығармашылық табыс, кәсіби жетістік және білім алушыларға сапалы білім мен тәрбие беруде толағай табыс тілейміз!

instagram-нан қараңыз.  facebook-тен қараңыз. 

 

 

ЭЛЕКТРОНДЫ АДРЕСІ college_tek@mail.ru
БІЗГЕ КЕЛІҢІЗ Астана қ., Кенесары 60
КОНТАКТЫ
Қабылдау комиссиясы +7 747 651 81 35
+7 (7172) 50-18-30
Бухгалтерия +7 (7172) 52-41-48
Кадрлар бөлімі +7 (7172) 50-18-33
Оқу бөлімі +7 (7172) 50-18-35
 

Яндекс.Метрика

 
 
© 2026 ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ЖОҒАРЫ  КОЛЛЕДЖІ.
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН.