«АДАЛ АЗАМАТ – АДАЛ ЕҢБЕК – АДАЛ ТАБЫС»: АҚЫЛБЕК ШАЯХМЕТПЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
2026 жылғы 27 қазанда Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы мен «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында белгілі ақын, жазушы, драматург, Қазақстанның мәдениет қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Ақылбек Қожаұлы Шаяхметпен рухани-танымдық кездесу өтті.
«Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» тақырыбында ұйымдастырылған кездесудің басты мақсаты – жастардың бойына отансүйгіштік, адалдық, еңбекқорлық және азаматтық жауапкершілік құндылықтарын сіңіру, кітап оқуға қызығушылығын арттыру және ұлттық әдебиетті насихаттау.
Кездесу барысында қаламгердің шығармашылығы арқылы туған жерге сүйіспеншілік, елге адал қызмет ету, адамгершілік пен еңбексүйгіштік құндылықтары дәріптелді. Сонымен қатар «Таза Қазақстан» бастамасы аясында табиғатқа жанашырлық таныту мен қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы кеңінен қозғалды.
Тағылымды кездесу жастардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, рухани дүниесін байытуға, ұлттық құндылықтарды құрметтейтін, елжанды, адал әрі еңбекқор азамат болып қалыптасуына ықпал етті.
instagram-нан қараңыз.
facebook-тен қараңыз. 


Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі