Logotype Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі
 
 

СТУДЕНТТІК ӨМІРГЕ ЖАРҚЫН ҚАДАМ!

 2026 жылғы 30 қазанда Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде І курс білім алушыларын студенттер қатарына қабылдауға арналған салтанатты іс-шара өтті.

Бұл күн – бірінші курс студенттері үшін жаңа ортаға бейімделудің, білім мен ізденіске толы қызықты студенттік өмірдің бастауын білдіретін ерекше мереке.

 Салтанатты шара барысында колледж директоры М.Т. Кужимов пен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Д.Г. Кусаинова топ басшыларына студенттік билеттерді салтанатты түрде табыстады.

 Мерекенің ерекше сәттерінің бірі – студенттерге арналған «Студенттік өмірге жолдама» символикалық сертификаттарының табысталуы болды. Бұл ерекше естелік – студенттік өмірге жасалған алғашқы қадамның, жаңа мүмкіндіктер мен жарқын болашаққа деген сенімнің белгісі. Аталған жолдама жас білім алушыларға студенттік жылдардың ең қызықты әрі ұмытылмас кезең екенін сезіндіру мақсатында әзірленді.

 Мерекелік бағдарлама әсем ән мен әсерлі би қойылымына ұласып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

instagram-нан қараңыз.  facebook-тен қараңыз. 

 

 

ЭЛЕКТРОНДЫ АДРЕСІ college_tek@mail.ru
БІЗГЕ КЕЛІҢІЗ Астана қ., Кенесары 60
КОНТАКТЫ
Қабылдау комиссиясы +7 747 651 81 35
+7 (7172) 50-18-30
Бухгалтерия +7 (7172) 52-41-48
Кадрлар бөлімі +7 (7172) 50-18-33
Оқу бөлімі +7 (7172) 50-18-35
 

Яндекс.Метрика

 
 
© 2026 ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ЖОҒАРЫ  КОЛЛЕДЖІ.
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН.