Logotype Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі
 
 

«АДАЛ АЗАМАТ» – ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗІ

2026 жылғы 2 қарашада Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде арнайы пәндер оқытушыларына арналған «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында оқыту семинары өтті.

Семинар барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мырзалиева А.Қ. бағдарламаның негізгі бағыттарын тәрбие жұмысына тиімді енгізу, құндылықтарды күнделікті оқу-тәрбие үдерісімен ұштастыру және оларды тәжірибеде жүзеге асыру жолдарына тоқталды.

Сонымен қатар колледж психологы Марал А.Д. «Сенімді дос» жобасы аясында студенттер арасында сенімді қарым-қатынас орнату және қолайлы психологиялық орта қалыптастыру мәселелерін қарастырды.

 Семинардың практикалық бөлімінде педагогтер топтарға бөлініп, бірлескен тапсырмалар орындады, өзара тәжірибе алмасып, тәрбие жұмысын жетілдіруге бағытталған тың идеялар ұсынды.

 Іс-шара педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, тәрбие жұмысындағы бірізділікті қамтамасыз етуге және өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды. 

instagram-нан қараңыз.  facebook-тен қараңыз. 

 

 

ЭЛЕКТРОНДЫ АДРЕСІ college_tek@mail.ru
БІЗГЕ КЕЛІҢІЗ Астана қ., Кенесары 60
КОНТАКТЫ
Қабылдау комиссиясы +7 747 651 81 35
+7 (7172) 50-18-30
Бухгалтерия +7 (7172) 52-41-48
Кадрлар бөлімі +7 (7172) 50-18-33
Оқу бөлімі +7 (7172) 50-18-35
 

Яндекс.Метрика

 
 
© 2026 ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ЖОҒАРЫ  КОЛЛЕДЖІ.
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН.