«Буллингті тоқтат: Сен жалғыз емессің!»
2026 жылғы 22 қазанда Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде А-9-26-4 және ПО-9-26-1 топтарының студенттеріне арналған ақпараттық-ағартушылық тренинг өткізілді.
Тренинг Астана қаласы әкімдігінің №3 қалалық емханасының алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімімен бірлесіп ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – студенттерге буллинг ұғымын, оның түрлері мен негізгі белгілерін түсіндіру, алдын алу жолдарын үйрету және қауіпсіз психологиялық орта қалыптастыру.
Тренинг барысында студенттер буллингтің физикалық, психологиялық, сөздік және кибербуллинг түрлерімен танысты. Сонымен қатар буллингтің адамға тигізетін кері әсері, мұндай жағдайларда дұрыс әрекет ету және көмек сұраудың маңыздылығы талқыланды.
Студенттер өз құқықтары мен жеке шекараларын қорғау, бір-біріне құрметпен қарау және қиын жағдайда қолдау көрсету туралы пайдалы ақпарат алды.
Есіңде болсын: сен жалғыз емессің!
Бейжай қалма, бір-біріңе қолдау көрсетіңдер! Бірге біз қауіпсіз орта қалыптастыра аламыз!
instagram-нан қараңыз.
facebook-тен қараңыз. 


Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі