ЛУДОМАНИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУ – ЖАСТАР НАЗАРЫНДА
Жастар арасында құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу және оның зардаптары туралы ақпараттандыру мақсатында «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы және «Jarqyn Bolashaq» жобасы аясында Қазтұтынуодағының Жоғары сауда-экономикалық колледжінде профилактикалық кездесу өткізді.
Кездесу барысында маман студенттерге лудоманияның пайда болу себептері, тәуелділіктің адам психологиясы мен күнделікті өміріне әсері, сондай-ақ оның алдын алу тәсілдері туралы түсіндірді.
Сонымен қатар жастармен құмар ойындардың қаржылық және әлеуметтік зардаптары, бос уақытты тиімді пайдалану және тәуелділікке әкелетін әрекеттерден аулақ болу мәселелері талқыланды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің лудомания туралы білімін арттыру, құмар ойындардың қауіптілігін түсіндіру және жастар арасында салауатты әрі жауапты өмір салтын насихаттау.


Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі
