Logotype Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі
 
 

ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМ БІРЛІГІ – САНАЛЫ ҰРПАҚ КЕПІЛІ!

 2026 жылғы 4 қарашада Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде жалпы білім беретін пәндер педагогтеріне арналған «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында танымдық-практикалық семинар өтті.

 Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мырзалиева А.Қ. тәрбие құндылықтарын оқу үдерісімен ұштастыру және оларды пән сабақтарында тиімді жүзеге асыру жолдарымен бөлісті.

 Колледж психологы Марал А.Д. «Сенімді дос» жобасы аясында студенттер арасында сенімді қарым-қатынас орнату және қолайлы психологиялық орта қалыптастыру мәселелерін қамтыды.

 Практикалық бөлімде педагогтер топтық тапсырмалар орындап, өзара тәжірибе алмасып, тың идеялар ұсынды.

 Мазмұнды әрі тәжірибеге бағытталған мұндай семинарлар педагогтер үшін танымдық тұрғыдан пайдалы болып, кәсіби ізденіске жаңа серпін береді деп үміттенеміз!!!

 instagram-нан қараңыз.  facebook-тен қараңыз.  

 

 

 

ЭЛЕКТРОНДЫ АДРЕСІ college_tek@mail.ru
БІЗГЕ КЕЛІҢІЗ Астана қ., Кенесары 60
КОНТАКТЫ
Қабылдау комиссиясы +7 747 651 81 35
+7 (7172) 50-18-30
Бухгалтерия +7 (7172) 52-41-48
Кадрлар бөлімі +7 (7172) 50-18-33
Оқу бөлімі +7 (7172) 50-18-35
 

Яндекс.Метрика

 
 
© 2026 ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ЖОҒАРЫ  КОЛЛЕДЖІ.
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН.