«БІРГЕ ОҚИЫҚ!» – ҰЛТТЫҚ РУХАНИ БІРЛІК АКЦИЯСЫ!
«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны аясында ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің шығармаларына арналған «Бірге оқиық!» әдеби акциясы өтті.
Акция барысында Қазақстанның түкпір-түкпірінен 186 мыңнан астам адам «Қыпшақ Сейітқұл», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Таза бұлақ» шығармаларын бір мезетте оқыды.
Ауқымды рухани бастамаға Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжінің 100-ден астам студенті мен педагогтері белсенді қатысып, тікелей эфирге қосылды.
Студенттер ағартушының тағылымды туындылары арқылы адамгершілік, еңбекқорлық пен білімнің құндылығын тереңірек түсініп, өзіндік ой түйді.
Кітап оқитын ұлт – кемел келешектің кепілі!
instagram-нан қараңыз.
facebook-тен қараңыз.


Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі