Logotype Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі
 
 

«ПРОФИЛЬДІК СЫНЫПТАР» ЖОБАСЫ: МАМАНДЫҚТАР ӘЛЕМІМЕН ТАНЫСУ

 Астана қаласындағы Қазтұтыну одағының жоғары колледжі мектеп оқушыларын түрлі мамандықтармен таныстыруға, кәсіби қызметке деген қызығушылығын арттыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға бағытталған «Профильдік сыныптар» жобасын жүзеге асыруды жалғастыруда.

 2026 жылғы 5 қарашада «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының арнайы пәндер оқытушысы Сулейменова Айсұлу Батырбековна Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясының 9 «В» сынып оқушыларына сабақ өткізді.

 Кездесу барысында мектеп оқушылары аспаз мамандығымен танысып, аспаздық шеберліктің қыр-сыры, тағам дайындаудың заманауи технологиялары және қоғамдық тамақтандыру саласының болашақ мамандарына қажетті кәсіби қасиеттер туралы мағлұмат алды.

 Кәсіптік білім беру мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Оқытушы колледждің мамандықтары мен білім беру бағдарламаларын таныстырып, оқу жағдайлары, студенттердің практикалық даярлығы және кәсіби өсу мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.

instagram-нан қараңыз.  facebook-тен қараңыз.

 

 

 

ЭЛЕКТРОНДЫ АДРЕСІ college_tek@mail.ru
БІЗГЕ КЕЛІҢІЗ Астана қ., Кенесары 60
КОНТАКТЫ
Қабылдау комиссиясы +7 747 651 81 35
+7 (7172) 50-18-30
Бухгалтерия +7 (7172) 52-41-48
Кадрлар бөлімі +7 (7172) 50-18-33
Оқу бөлімі +7 (7172) 50-18-35
 

Яндекс.Метрика

 
 
© 2026 ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ЖОҒАРЫ  КОЛЛЕДЖІ.
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН.