КӘСІПТІК БАҒДАР – БОЛАШАҚ МАМАНДЫҚҚА АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ!
Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі Астана қаласы Білім басқармасының 2026 жылғы 2 қазандағы №2607 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Кәсіптік бағдар беру» қалалық жобасы аясында мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарын жалғастыруда.
2026 жылғы 9 қарашада арнайы пәндер педагогі Аманқызы Гүлжан №119 жалпы білім беретін мектептің 9 «А» сынып оқушыларына «Аспаз – қызықты әрі сұранысқа ие мамандық» тақырыбында кәсіптік бағдар беру сабағын өткізді.
Интерактивті сабақ барысында оқушылар аспаз мамандығының ерекшеліктерімен, аспаздық өнердің заманауи бағыттарымен және қоғамдық тамақтандыру саласындағы кәсіби мүмкіндіктермен танысты.
Сабақ мазмұнды әрі қызықты өтті. Оқушылар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Мұндай кездесулер оқушылардың мамандықтарға деген қызығушылығын арттырып, болашақ кәсібін саналы түрде таңдауына ықпал етеді!
instagram-нан қараңыз.
facebook-тен қараңыз. 


Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі