Logotype Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі
 
 

ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҒЫНА ҚАРСЫ САУАТТЫЛЫҚ – ҚАУІПСІЗДІК НЕГІЗІ

Жастардың цифрлық ортадағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, интернет алаяқтықтың алдын алу және қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы және «Jarqyn Bolashaq» жобасы аясында Қазтұтынуодағының Жоғары сауда-экономикалық колледжінде ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.

Кездесу барысында Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдері студенттерге кибералаяқтықтың кең таралған түрлері, интернеттегі жалған жарнамалар мен күмәнді сілтемелерден сақтану, банк карталары мен жеке мәліметтердің қауіпсіздігін сақтау жолдары жөнінде түсіндірді. Сонымен қатар азаматтарды дропперлік схемаларға тарту тәсілдері және мұндай әрекеттер үшін қарастырылған заңдық жауапкершілік туралы ақпарат берілді.

Іс-шараның мақсаты – жастардың цифрлық қауіпсіздік жөніндегі білімін кеңейту, қаржылық сауаттылығын нығайту және интернет кеңістігінде қауіпсіз әрекет ету мәдениетін қалыптастыру.

instagram-нан қараңыз.  facebook-тен қараңыз.

 

 

 

 

ЭЛЕКТРОНДЫ АДРЕСІ college_tek@mail.ru
БІЗГЕ КЕЛІҢІЗ Астана қ., Кенесары 60
КОНТАКТЫ
Қабылдау комиссиясы +7 747 651 81 35
+7 (7172) 50-18-30
Бухгалтерия +7 (7172) 52-41-48
Кадрлар бөлімі +7 (7172) 50-18-33
Оқу бөлімі +7 (7172) 50-18-35
 

Яндекс.Метрика

 
 
© 2026 ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ЖОҒАРЫ  КОЛЛЕДЖІ.
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН.