ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ МЕН ЗАМАНАУИ БІЛІМ: ПЕДАГОГТЕР ПІКІРСАЙЫСЫ
2026 жылғы 11 қарашада «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны аясында Қазтұтынуодағының жоғары колледжінің оқу залында педагогтер арасында «Magzhan.ED — Ұлттық код және заманауи тәрбие» атты интеллектуалды дебат турнирі өтті.
Пікірсайыста «Жаһандану дәуірінде заманауи батыстық білім беру жүйесі Мағжан ұсынған ұлттық тәрбие үлгісінен тиімдірек» деген қарар талқыланды.
Үкімет командасы – Дина Кусаинова, Ақерке Мырзалиева және Гүлдариға Сеитова еңбек нарығының талаптарына сай білікті маман даярлауда заманауи білім беру жүйесінің артықшылықтарын, халықаралық тәжірибе мен инновациялық тәсілдердің маңызын дәлелдеді.
Оппозиция командасы – Шегебай Нұрғожин, Озат Қасыхан және Жұмагүл Досанова Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық мұрасына сүйене отырып, білікті маман даярлауда кәсіби біліммен қатар ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтардың маңызын алға тартты.
Турнир қорытындысы бойынша:
«Үздік команда» – оппозицияның «Ертүрік» партиясы;
«Үздік спикер» – тарих пәнінің педагогі Шегебай Нұрғожин.
Тартысты әрі мазмұнды пікірсайыс педагогтердің кәсіби пікір алмасуына, білім мен тәрбие мәселелерін жан-жақты талқылауына мүмкіндік берді.
instagram-нан қараңыз.
facebook-тен қараңыз.


Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі