2023 жылдың 22 қыркүйек күні Қазақстан халқының тілдері күні мерекесі аясында 2023 жылғы 18-22 қыркүйек аралығында өткізілген «ТІЛ – ҰЛТТЫҢ ЖАНЫ» атты тіл апталығының қорытынды кеші өткізілді.
Кеш «Өлең сөздің патшасы – сөз сарасы» атты әдеби-поэзиялық іс-шарамен басталды. Директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Суюндикова Салтанат Отызбаевна құттықтау сөз сөйлеп, апталық барысында өткізілген іс-шаралар нәтижесіне тоқталып, креативті тәсілмен ұйымдастырылып өткізілген апталыққа оң бағасын берді.
Директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Адырбекова Үміт Жүсіпназарқызы тіл апталығының ұжымға әсері мен студенттердің белсенділігіне тоқталды. Өткізілген ашық сабақтардағы тиімді әдіс-тәсілдер болғанын айта келіп, педагогтер мен студенттерге шығармашылық табыстар тіледі. Апталық аясында белсенді болған педагогтер мен студенттер мадақтаулармен, алғыс хаттармен марапатталды. Кеш соңы әсем әуенмен аяқталды.


Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі