2024 жылдың 14 қараша күні дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Темір Қайратұлы “Жеңіл атлетика, оның ішінде төменгі сөре” тақырыбына А-9-24-2 тобында ата-аналар мен педагогтардың қатысуымен ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында төменгі сөрені орындау әдістері көрсетілді. Студенттер жаттығуды визуалды түрде көріп, оны қайталап, денсаулықтарына пайдалы екенін түсініп, ойларына түйіп алды. Сабақта қолданылған құралдар: фишкалар, секірткіш, ысқырық. Ата-аналар оң пікірлерін айтып, алғыстарын білдірді