Logotype Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі
 
 

2024 жылғы 18-22 қараша аралығында, «Бағдарламалық қамтамасыз ету» циклдік комиссиясының шығармашылық апталығы аясында «Бағдарламалық қамтамасыз ету» және «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер» мамандықтарының 1-курс студенттеріне арналған «Цифрлы әлемге жол» тақырыбында мастер-класс өткізілді.

Бұл шараның негізгі мақсаты 1-курс студенттеріне цифрлық технологиялардың негіздерін таныстыру және оларды болашақ білім мен кәсіп салаларында тиімді қолдануға бағыттау. Студенттерге цифрлық дағдыларды дамыту, жаңа технологияларды меңгеру, сондай-ақ сандық әлемде табысты мансап құру үшін қажетті құралдар мен ресурстарды ұсыну болды.

Мастер-класста «WorldSkills Astana 2024» және «ҮЗДІК-2024» қалалық байқауларының жеңімпаздары өз құзіреттіліктері бойынша тәжірибелерімен бөлісті:

1. Искаков Рахымжан: Основы программирования: Принцип работы процессора

Рахымжан мастер-класста бағдарламалау негіздері мен процессордың жұмыс принциптері туралы түсінік беріп, студенттерді осы саладағы заманауи технологиялармен таныстырды.

2. Халенов Мирас: Web-разработка: Fullstack

Мирас веб-дамыту бойынша толық стек (Fullstack) тәсілін көрсетіп, интернет-қосымшалар жасау процесінің барлық кезеңдерін егжей-тегжейлі түсіндірді.

3. Абдиғани Нұрасыл: Мобильді қосымша

Нұрасыл мобильді қосымшаларды дамыту мен олардың жұмыс істеу принциптері туралы мағлұмат беріп, студенттерге мобильді платформаларда бағдарламалар жасауды үйретті.

4. Тіржанов Альнияз: FPS Aurora””

Альнияз видеойындардың дамуы мен FPS (First Person Shooter) жанрына қатысты өз тәжірибесін бөлісіп, «Aurora» атты ойын жобасының қалай жасалғанын көрсетіп, студенттерге ойын жасау өнерінің қыр-сырымен таныстырды.

Қатысушылар мен студенттер арасында жоғары деңгейдегі пікірталастар мен тәжірибе алмасу үрдісі жүріп, цифрлы технологиялар мен бағдарламалау саласында жаңа білім мен дағдыларды игеруге мүмкіндік берді.

 

ЭЛЕКТРОНДЫ АДРЕСІ college_tek@mail.ru
БІЗГЕ КЕЛІҢІЗ Астана қ., Кенесары 60
КОНТАКТЫ
Қабылдау комиссиясы +7 747 651 81 35
+7 (7172) 50-18-30
Бухгалтерия +7 (7172) 52-41-48
Кадрлар бөлімі +7 (7172) 50-18-33
Оқу бөлімі +7 (7172) 50-18-35
 

Яндекс.Метрика

 
 
© 2025 ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ЖОҒАРЫ  КОЛЛЕДЖІ.
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН.