9 сәуір күні колледжімізде Жаратылыстану пәндері апталығы аясында химия, математика, биология, география және физика пәндерінен колледжішілік олимпиада ұйымдастырылды.
Олимпиаданың басты мақсаты – студенттердің ғылыми пәндерге деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту, сондай-ақ білімдерін тереңдетуге мотивация беру болды.
Колледжішілік пәндік олимпиадаға әр топтың ынталы студенттері қатысып, өз білімдерін теориялық және практикалық тапсырмалар арқылы сынады. Әр пән бойынша арнайы дайындалған күрделі әрі қызықты тапсырмалар студенттердің пәндік біліктілігін бағалауға мүмкіндік берді. Олимпиада қорытындысы жаратылыстану апталығы жабылуында белгілі болады.
instagram-нан қараңыз. facebook-тен қараңыз.