2025 жылдың 11 сәуір күні жаратылыстану апталығы аясында физика пәні мұғалімі Кенжехан Ақжібектің ұйымдастыруымен «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысы өтті.
Зияткерлік сайысқа колледж студенттері қатысып, өз білімдері мен тапқырлықтарын сынға салды. Сайыс үш кезеңнен тұрды:
Бірінші кезеңде қатысушылар жаратылыстану пәндерінен қойылған сұрақтарға жылдам әрі нақты жауап беріп, жылдамдық пен білім деңгейлерін көрсетті.
Екінші кезеңде әр қатысушы 12 ұяшықтың төртеуін таңдап, ішіндегі тақырыптық сұрақтарға жауап берді. Бұл бөлім логика мен пәндік білімді қатар талап етті.
Үшінші кезеңде қатысушылар берілген 6 сандықтың бірін таңдап, сол сандықта жасырылған сұрақтарға жауап берді. Сандықтарда адамзат дамуына ерекше үлес қосқан ғалымдар суреттері және ұлы жаңалықтар сипаттамалары берілді. Қатысушылар суреті бойынша ғалымның есімін атап, жаңалықты табу керек болды. Бұл бөлім студенттердің тарихи және ғылыми сауаттылығын анықтауға бағытталды.
Үш кезең қорытындысы бойынша:
• І орын – Бейсенбай Мустафа (М 9-24-2 тобы)
• ІІ орын – Бейветханұлы Жанасыл (БҚЕ 9-24-4 тобы)
• ІІІ орын – Қосмамбет Рамазан (А 9-24-2 тобы)
Атсалысқан студенттерге алғысымызды білдіріп, жеңімпаздарды құттықтаймыз!
instagram-нан қараңыз. facebook-тен қараңыз.