Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде «Жаратылыстану пәндері-кәсіби шеберлікке қадам» тақырыбында жаратылыстану пәндері апталығы аясында колледж педагогтарына арналған «Қиын тақырыптарды меңгертудің заманауи әдістері» тақырыбында, химия пәнінің педагогы Ш.С.Сембаеваның ұйымдастыруымен семинар өткізілді. Семинарда Блум токсономиясы мен STEM әдістері туралы мәліметтер беріліп, педагогтар STEM әдістері бойынша тәжірибе мен шығармашылық қабілеттерін қатар дамытатын тапсырмалар орындады. Семинарда LearningApps платформасымен тапсырмалар берілді,phet simulation виртуалды лаборатория, Molview.org платфомасында молекула модельдерін 3D форматта құрастыру көрсетілді. Семинар соңында кері байланыс жүргізіліп, қатысушылар жылы лебіздерін білдірді.
instagram-нан қараңыз. facebook-тен қараңыз.