2025 жылдың 14 сәуір күні колледжімізде «Жаратылыстану пәндері: кәсіби шеберлікке қадам» атты жаратылыстану пәндері апталығының салтанатты жабылу рәсімі өтті.
Апталық барысында студенттердің ғылыми-танымдық әлеуетін арттыруға бағытталған түрлі байқаулар, зияткерлік ойындар, шеберлік сабақтары мен жобалар ұйымдастырылды.
Жабылу салтанатында апталыққа белсене қатысып, ерекше көзге түскен топтар мен студенттер алғыс хаттармен, ал жарыстарда үздік нәтижелер көрсеткен студенттер дипломдармен марапатталды. Әрбір қатысушының белсенділігі мен ынтасы олардың ғылым мен білімге деген ерекше ықыласын дәлелдеді.
Бұл апталық тек білім беріп қана қоймай, студенттердің шығармашылық қабілеттерін ұштап, ғылыми-зерттеу бағытына деген қызығушылығын арттырды.
Осындай мазмұнды іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенімдеміз!
instagram-нан қараңыз. facebook-тен қараңыз.