16.04.2025ж күні *«Жұмысшы мамандықтар жылы»* аясында *«Тамақтандыруды ұйымдастыру»* мамандығының студенттеріне *«Дайын өнімдерді безендіру және ұсыну тәсілдері»* тақырыбында *Park Inn by Radisson Astana* әлеуметтік серіктестермен біріге отырып, бинарлы сабақ өтті.
*Park Inn by Radisson Astana* — Астана қаласындағы халықаралық деңгейдегі заманауи қонақүй. Сондай-ақ, *Park Inn Astanа* жайлылығымен, атмосферасымен, дәмді тағамдарымен ерекшеленетін -*«RBG»* мейрамханасымен қамтылған.
Сабақты арнайы пән оқытушысы- Г.С. Казезовамен өндірістік жетекші «RBG»мейрамханасының аспазы- Г. Меняйлов теория мен тәжірибені үйлестіре отырып өткізді.
Сабақ студенттерге тағамдарды эстетикалық талаптарға сай безендіру, ұсыну мәдениеті мен креативті тәсілдерін үйрету, кәсіптік шеберліктерін шыңдау мақсатында өткізілді.
Студенттер түрлі ыстық және суық тағамдарды, сондай-ақ, салаттарды безендіру әдістерімен, тамақ ұсынудағы этикет, түстер үйлесімі мен текстуралардың сәйкестігімен танысты.
Бинарлы сабақ нәтижесінде студенттер тағамды ұсыну мен көркем безендіру саласында өздерінің білімдерін арттырып, кәсіби дағдыларын шыңдады. Студенттердің мамандыққа деген қызығушылығы арта түсті.
Әлеуметтік серіктестеріміз *Park Inn by Radisson Astana* қонақүйінің және *«RBG»* мейрамханасының әкімшілігіне алғыс білдіреміз!
instagram-нан қараңыз. facebook-тен қарңыз.