Logotype Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі
 
 

26 сәуірде Қазтұтынуодағы Жоғары колледжінде 2025 жылды Қазақстан Республикасында «Жұмысшы мамандық жылы» деп жариялануына байланысты «Rise Club» пікірсайыс бірлестігінің көшпелі кубогы үшін «Астана жастары» жастардың ресурстық орталығы, Қазтұтынуодағы Жоғары колледжі және «Rise Club» пікірсайыс клубының бірлесе ұйымдастыруымен қалалық пікірсайыс турнирі өтті. Бұл шараны ұйымдастырушылар республикалық және қалалық турнирлердің бұрынғы жеңімпаздары мен жүлдегерлері, қазіргі таңда өз саласында табысты жұмысшы ретінде танылған әр жылдардағы «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» мен «Қазтұтынуодағының Жоғары колледж» түлектері және Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» ресурстық жастар орталығының қолдауымен өткізілді. Турнирге 11 колледжден 20 фракция (команда) қатысты. Қызу пікірталас барысында ойынға қатысушылар жұмысшы мамандығының өзекті мәселелерін қарастырды: жұмысшы мамандығы – еңбекқорлықтың негізі, жұмысшыларды оқытуға бизнесті қатыстыру мәселелері, қазіргі мектептегі кәсіптік бағдар берудің рөлі, дуальды оқытудың мәселелері мен шындығы, жұмысшы мамандығының адамның мансаптық өсуіне әсері, қазіргі қоғамда жұмысшы мамандығына қатысты «Ұят болады» нарративінің барлығына өкінетіндігі туралы айтылды. Турнир қорытындысы бойынша Қазақ лигасы бойынша: 1-орын мен турнир кубогын Қазтұтынуодағы Жоғары колледжінің «Есепші» командасы, 2-орынды «Элита» және 3-орынды «Бағыт-бағдар» «Даналық» медициналық колледжінен, орысша лигасында: 1-орын «Astana IT University» колледжінің «Aпология..» командасы, 2-орын «СуперТеам» және 3-орын «L.L.» командалары Қазтұтынуодағы Жоғары колледжінен. Қатысушылар колледж әкімшілігіне турнирді өткізуге арналған орын және жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдірді.

instagram-нан қараңыз.facebook-тен қараңыз.

   

 

 

ЭЛЕКТРОНДЫ АДРЕСІ college_tek@mail.ru
БІЗГЕ КЕЛІҢІЗ Астана қ., Кенесары 60
КОНТАКТЫ
Қабылдау комиссиясы +7 747 651 81 35
+7 (7172) 50-18-30
Бухгалтерия +7 (7172) 52-41-48
Кадрлар бөлімі +7 (7172) 50-18-33
Оқу бөлімі +7 (7172) 50-18-35
 

Яндекс.Метрика

 
 
© 2025 ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ЖОҒАРЫ  КОЛЛЕДЖІ.
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН.