Logotype Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі
 
 

«Ұлт ұстазы» фильмі

2023 жылдың 19 қыркүйегі күні Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде І курс студенттері арасында Ахмет Байтұрсынов өмірі туралы түсірілген «ҰЛТ ҰСТАЗЫ» фильмі көрсетілді. Тарих пәнінің оқытушысы С.М. Құндызбекова кіріспе сөзінде Ахмет Байтұрсынұлының: «Бай болу үшін кәсіп қылу керек, білімді болу үшін оқу керек, күшті болу үшін бірлік керек һәм осы керектердің жолында әрекет қылу керек» деген әйгілі ойын түсіндірді. ХХ ғасыр басындағы Ахмет Байтұрсынұлының басынан кешкен қиын қыстау тағдырына шолу жасап, ұлт мұраты жолында жасаған еңбегі тілге тиек етілді. «Қазақ» газетін ұйымдастырудағы қызметі, халықтың саяси үн қағазына айналғанын баяндады. Студенттерге ұлт ұстазы туралы эссе жазу тапсырылды.

   2023 жылдың  19 қыркүйегі күні Қазтұтынуодағының  Жоғары колледж кітапханасының оқу залында  «Түркі тілінің ішіндегі гаухары - қазақ тілі» тақырыбына  1 курс ЕА- 9-23-2 тобы студенттерінің қатысуымен, қазақ тілінің түркі тілдерінің ішіндегі мәртебесін көтеруге арналған іс-шара өтті. БҚЕ-9-23-2, БҚЕ-9-22-2, ЕТ-9-23-4 топ студенттері «Тіл – ұлттың жаны», өткені мен бүгіні және болашағы жайлы презентация қорғап, « Қазақ тілі», « Туған тілім», « Ана тілі» т.б. өлеңдері оқылды.

2023 жылғы 19 қыркүйекте Тіл апталығы аясында Адырбекова Үміт Жүсіпназарқызы қазақ әдебиеті пәні бойынша 04140100 «Есеп және аудит» мамандығының ЕА-9-23-2 тобында «Абай шығармашылығы Сегіз аяқ өлеңі» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

«Тіл-ұлттың жаны» тілдер апталығының ашылуы

«Тіл-ұлттың жаны» тілдер апталығының ашылуы.

2023 жылдың 18 қыркүйегінде Астана қаласы, Қазтұтынуодағының Жоғары колледжінде «Тіл-ұлттың жаны» атты тіл апталығының ашылуы болып өтті.Мақсаты – қазақ тілін дәріптеу, көпұлтты мемлекеттің тұтастығын, ынтымақтығын насихаттау.Апталықтың ашылу салтанатына колледж директоры Кужимов М.Т арнайы келіп, студенттерге ақ тілегін жолдап, құттықтады.Тіл мамандары Ү.Ж.Адырбекова, А.Т. Мукашева, Ф.Г.Ильясова, К.Н.Сахиева, А.Р.Садыкова, Н.Н. Нуртазина, А.М. Оспановалардың тіл мерекесіне арнайы түсірілген, тіл туралы өлең шумақтарынан бейнеролигі экраннан көрсетілді.

41 бет. Барлығы: 62

 

ЭЛЕКТРОНДЫ АДРЕСІ college_tek@mail.ru
БІЗГЕ КЕЛІҢІЗ Астана қ., Кенесары 60
КОНТАКТЫ
Қабылдау комиссиясы +7 747 651 81 35
+7 (7172) 50-18-30
Бухгалтерия +7 (7172) 52-41-48
Кадрлар бөлімі +7 (7172) 50-18-33
Оқу бөлімі +7 (7172) 50-18-35
 

Яндекс.Метрика

 
 
© 2025 ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ЖОҒАРЫ  КОЛЛЕДЖІ.
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН.