Logotype Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі
 
 

2023 жылғы 22 қыркүйекте «Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде» Тілдер апталығын өткізу аясында «Үздік аудармашы» байқауы өтті.

Мақсаты: лингвистикалық пәндерді оқуға қызығушылықты арттыру, тілдердің салыстырмалы фокусында тілдік бөлімдер бойынша білімді кеңейту, әдеби аударма сөздік қорын дамыту.

Байқауға қатысуға ЕТ-9-23-4 және ОП-9-23-1 тобының 1 курс студенттері ниет білдірді.

2023 жылғы  20 қыркүйекте  Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде Тілдер апталығы аясында тіл мамандары - Садыкова А.Р, Нуртазина Н.Н, «Маркетинг» мамандығының  М-9-22-3 тобы студенттеріне  «Іскерлік ойындар» тақырыбына сыныптан тыс шеберлік сабағын өткізді.

Мақсаты: мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, кәсіптік модуль бойынша тіл және арнайы пән деңгейін ұштастыра отырып, тәжірибеде қолдануға үйрету.

2023 жылғы 21 қыркүйекте Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне арналған «ТІЛ – ҰЛТТЫҢ ЖАНЫ» атты тіл апталығы аясында «Шахмат – ақыл-ой спорты, мақал – мәтел – сөздің інжу маржаны» турнирі өткізілді. Іс-шараның мақсаты: студенттердің шахмат спортына деген қызығушылығын арттыру, шахматты жеке спорт түрі ретінде насихаттау. Студенттер шахмат ойынын ойнап, тіл маржаны – мақал-мәтелдерді жатқа айтты.

Іс-шараның нәтижесінде:

І орын М-11-23-2 тобының студенті Абсаметов Ансар;

ІІ орын ЕА-9-23-2 тобының студенті Айтбаев Бегзат;

ІІІ орын ЕТ-9-23-2 тобының студенті Рамазан Ансар иеленді.

Студенттер мадақтамамен марапатталды.

2023 жылдың 22 қыркүйегінде педагог Бисимбаева Гаухар Танатовна 1 курс студенттерінің М-9-23-1 тобында орыс әдебиеті пәнінен Қазақстан халқы тілдері апталығы аясында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты М.Ю. Лермонтов жазған алғашқы орыс психологиялық романымен – "Герой нашего времени" танысу болды. Сабақ барысында студенттер жеке есепте де (My Quiz викторинасы) және топтық жұмыста да өздерін көрсетті. Сабақ ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолданумен есте қалды: Mural бірлескен жұмыс тақтасы, мәтіні бар планшеттер, топтық жұмыс үшін ноутбуктер, студенттердің бейнеролигі. Білім беру топтары шығарманың көңіл-күйіне еніп, өз жолымен басты кейіпкердің бейнесін аша алды.

   2023 жылғы 21 қыркүйекте Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде Тілдер апталығы аясында тіл мамандары - Садыкова А.Р, Оспанова А.М және М-9-23-3, БҚЕ-9-23-2 тобының студенттері Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайына барды. Бұл күні студенттер мұрағаттық-жазбаша, баспа материалдарын, кино және бейнелеу құжаттарын, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер туындыларын, Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке заттары мен құжаттарын көрді. Студенттердің Тұңғыш Президент мұражайына мәдени сапары жоғары деңгейде өтті. Экскурсия өте мазмұнды және танымды болды.

39 бет. Барлығы: 62

 

ЭЛЕКТРОНДЫ АДРЕСІ college_tek@mail.ru
БІЗГЕ КЕЛІҢІЗ Астана қ., Кенесары 60
КОНТАКТЫ
Қабылдау комиссиясы +7 747 651 81 35
+7 (7172) 50-18-30
Бухгалтерия +7 (7172) 52-41-48
Кадрлар бөлімі +7 (7172) 50-18-33
Оқу бөлімі +7 (7172) 50-18-35
 

Яндекс.Метрика

 
 
© 2025 ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ЖОҒАРЫ  КОЛЛЕДЖІ.
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН.