Logotype Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі
 
 

02.02 күні «Жыныстық тәрбие беру және қыз баласының өзін-өзі қорғауы» тақырыбында колледж психологы А.Е. Танирбергенова және арнайы әйел денсаулығы бойынша маман, коучинг-жаттықтырушы, нумеролог – Букенова Динара ханымның қатысуымен семинар-тренинг өткізілді. Семинар-тренингтің негізгі мақсаты: ерте жүктіліктің алдын алу, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сондай-ақ, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беріп, қыз балалардың жеке бас гигиенасын сақтау арқылы тиянақтылыққа, тазалық қасиеттерді дамытуға тәрбиелеу.

“Тамақтануды ұйымдастыру” циклдік комиссиясының апталығы аясында колледж педагог-психологы Танирбергенова Айгуль Ерхановна “World Skills” сайысына қатысатын студенттермен эмоционалдық қобалжудан арылу және жағымды психологиялық ахуал орнату мақсатында “Жақсы көңіл-күй - сәттілік кепілі” атты тренинг өткізді.

Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде кәсіптік бағдар беруді қолдау мақсатында 1-4 курс студенттері арасында 13-15 ақпан күндері аралығында волейбол жарысы өткізілді. Физикалық күш пен ептілікті, стратегиялық ойлауды және тез шешім қабылдауды талап ететін бұл жарысқа БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ, МАРКЕТИНГ, ТАМАҚТАНДЫРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ, ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ, ЕСЕПТЕУ ТЕХНИКАЛАРЫ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ЖЕЛІЛЕР мамандықтары бойынша 10 КОМАНДА тіркелді:

Атамекен” ҰКП Адами капиталды дамыту департаменті директорының орынбасары Шонаева Лязат Жаббаровна Қазтұтынуодағының жоғары колледжінің “Маркетинг” мамандығы студенттеріне “Мақсат қою. Болашақ үшін басымдық” тақырыбында тренинг өткізді!

“Тамақтандыруды ұйымдастыру” циклдік комиссиясының апталығы аясында бизнес-жаттықтырушы Гайнулина Эльмира Сергеевна”Тамақтандыруды ұйымдастыру” мамандығының студенттері үшін “Кофехананың ашылуы” бизнес-тренинг өткізді.

55 бет. Барлығы: 93

 

ЭЛЕКТРОНДЫ АДРЕСІ college_tek@mail.ru
БІЗГЕ КЕЛІҢІЗ Астана қ., Кенесары 60
КОНТАКТЫ
Қабылдау комиссиясы +7 747 651 81 35
+7 (7172) 50-18-30
Бухгалтерия +7 (7172) 52-41-48
Кадрлар бөлімі +7 (7172) 50-18-33
Оқу бөлімі +7 (7172) 50-18-35
 

Яндекс.Метрика

 
 
© 2026 ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ЖОҒАРЫ  КОЛЛЕДЖІ.
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН.