Logotype Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі
 
 

22-27 қараша аралығында өткізілген «WorldSkills Kazakhstan 2023» VIII республикалық чемпионатында колледжіміздің студенттері чемпионат барысымен танысып, экскурсия жасады.

Кәсіби шеберлік конкурстарына қатысуға деген қызығушылық танытып, практикалық дағдылар мен құзыреттерді игеруге мотивация алды.

Құрметті колледж педагогтері мен студенттері!
Сіздерден 2023 жылдың 19 – 25 желтоқсан күндері аралығында «Позитивті әлем» атты психология апталығы аясында ұйымдастырылған іс-шараларға белсене қатысуларыңызды сұраймыз!

Қазтұтынуодағының жоғары колледжінің директоры М.Т. Кужимов мырза психология апталығы аясында «Мен қандаймын? Айналамдағылар мені қалай көреді? Қандай болғым келеді?» тақырыбында «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының 4 курс студенттерімен сұхбаттасты.

2023 жылдың 15 желтоқсан күні Қазтұтынуодағының жоғары колледжінің акт залында 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Желтоқсан - тәуелсіздік бастауы» атты бостандық пен бірліктің маңыздылығын еске алу мақсатында іс-шара өткізілді.

Іс-шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындаумен басталды. Экраннан Желтоқсан оқиғасына арналған бейнебаян көрсетіліп, 1 минут үнсіздік жарияланды.

59 бет. Барлығы: 93

 

ЭЛЕКТРОНДЫ АДРЕСІ college_tek@mail.ru
БІЗГЕ КЕЛІҢІЗ Астана қ., Кенесары 60
КОНТАКТЫ
Қабылдау комиссиясы +7 747 651 81 35
+7 (7172) 50-18-30
Бухгалтерия +7 (7172) 52-41-48
Кадрлар бөлімі +7 (7172) 50-18-33
Оқу бөлімі +7 (7172) 50-18-35
 

Яндекс.Метрика

 
 
© 2026 ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ЖОҒАРЫ  КОЛЛЕДЖІ.
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН.