2023 жылдың 22 қыркүйегінде педагог Бисимбаева Гаухар Танатовна 1 курс студенттерінің М-9-23-1 тобында орыс әдебиеті пәнінен Қазақстан халқы тілдері апталығы аясында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты М.Ю. Лермонтов жазған алғашқы орыс психологиялық романымен – "Герой нашего времени" танысу болды. Сабақ барысында студенттер жеке есепте де (My Quiz викторинасы) және топтық жұмыста да өздерін көрсетті. Сабақ ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолданумен есте қалды: Mural бірлескен жұмыс тақтасы, мәтіні бар планшеттер, топтық жұмыс үшін ноутбуктер, студенттердің бейнеролигі. Білім беру топтары шығарманың көңіл-күйіне еніп, өз жолымен басты кейіпкердің бейнесін аша алды.

Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі
2023 жылғы 21 қыркүйекте Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде Тілдер апталығы аясында тіл мамандары - Садыкова А.Р, Оспанова А.М және М-9-23-3, БҚЕ-9-23-2 тобының студенттері Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайына барды. Бұл күні студенттер мұрағаттық-жазбаша, баспа материалдарын, кино және бейнелеу құжаттарын, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер туындыларын, Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке заттары мен құжаттарын көрді. Студенттердің Тұңғыш Президент мұражайына мәдени сапары жоғары деңгейде өтті. Экскурсия өте мазмұнды және танымды болды.
2023 жылдың 20 қыркүйегінде Қазтұтынуодағы жоғары колледжінің оқытушылары Худабай Б. Х, Садыкова А.Р, 1 курс студенттеріне «Цифрлық Қазақстан бағдарламасы аясында «Smart language» семинарын өткізді.