Колледжімізде тілдер апталығы салтанатты түрде ашылды! Апталықтың ұраны – «Тіл – тәрбие тірегі, адал азамат – ел тірегі» ??????
Бұл күн – жай ғана ашылу салтанаты ғана емес, тілдің, тарихтың, мәдениеттің рухани мерекесі. Сахна төрінде төрт команда – «Программисттер», «Маркетологтар», «Бухгалтерлер» және «Аспаздар» өнер мен білімде өз шеберліктерін көрсетті.

Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі