Logotype Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі
 
 

2025 жылдың 14 сәуір күні колледжімізде «Жаратылыстану пәндері: кәсіби шеберлікке қадам» атты жаратылыстану пәндері апталығының салтанатты жабылу рәсімі өтті.

Апталық барысында студенттердің ғылыми-танымдық әлеуетін арттыруға бағытталған түрлі байқаулар, зияткерлік ойындар, шеберлік сабақтары мен жобалар ұйымдастырылды.

     Қазақстан Республикасы Президентінің орталығына саяхат

   9 сәуір 2025жылы Астана қаласы Қазтұтынодағының жоғары колледжінің 1 курс студенттері Қазақстан Республикасының Президент орталығына барды.  Музей қызметкерлері Серіков Бақытжар, Аяпбергенова Ботагөз қарсы алып, Қазақстан Республикасының Президенті және экс-президентінің жинақтары, қызметі, кітапханасы Қазақстан Республикасының қалыптасу және даму тарихымен таныстырды. Студент Орынбасар Бекарыс музей экспонатындағы домбырада күй шертті. Музейдегі жинақтар заманауи технологиямен жасалғандығы мол ақпараттар берді. Студенттер орталықтың көпбейінді залдарымен танысып, естелік фотоға түсті, танымдылық әсер алды.

Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде «Жаратылыстану пәндері-кәсіби шеберлікке қадам» тақырыбында жаратылыстану пәндері апталығы аясында колледж педагогтарына арналған «Қиын тақырыптарды меңгертудің заманауи әдістері» тақырыбында, химия пәнінің педагогы Ш.С.Сембаеваның ұйымдастыруымен семинар өткізілді. Семинарда Блум токсономиясы мен STEM әдістері туралы мәліметтер беріліп, педагогтар STEM әдістері бойынша тәжірибе мен шығармашылық қабілеттерін қатар дамытатын тапсырмалар орындады. Семинарда LearningApps платформасымен тапсырмалар берілді,phet simulation виртуалды лаборатория, Molview.org платфомасында молекула модельдерін 3D форматта құрастыру көрсетілді. Семинар соңында кері байланыс жүргізіліп, қатысушылар жылы лебіздерін білдірді.

2025 жылдың 11 сәуір күні жаратылыстану апталығы аясында физика пәні мұғалімі Кенжехан Ақжібектің ұйымдастыруымен «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысы өтті.

Зияткерлік сайысқа колледж студенттері қатысып, өз білімдері мен тапқырлықтарын сынға салды. Сайыс үш кезеңнен тұрды:

Бірінші кезеңде қатысушылар жаратылыстану пәндерінен қойылған сұрақтарға жылдам әрі нақты жауап беріп, жылдамдық пен білім деңгейлерін көрсетті.

Екінші кезеңде әр қатысушы 12 ұяшықтың төртеуін таңдап, ішіндегі тақырыптық сұрақтарға жауап берді. Бұл бөлім логика мен пәндік білімді қатар талап етті.

Стартап әлеміне саяхат!

10 сәуір күні Жаратылыстану пәндері апталығы аясында БҚЕ 9-24-2 және БҚЕ 9-24-4 топ студенттері Astana Hub стартап орталығына танымдық экскурсияға барды.

Экскурсия барысында студенттер түрлі саладағы, соның ішінде бағдарламалау бойынша заманауи стартап жобаларымен танысып, өз идеяларын жүзеге асыру жолдары туралы мол мағлұмат алды. Соның бірі - төлем жүйесін алақан арқылы басқаруға студенттер ерекше қызығушылық танытты. Компанияда Instagram, TikTok, Telegram т.б әлемге танымал әлеуметтік желілердің филиалдары орналасқан.

34 бет. Барлығы: 93

 

ЭЛЕКТРОНДЫ АДРЕСІ college_tek@mail.ru
БІЗГЕ КЕЛІҢІЗ Астана қ., Кенесары 60
КОНТАКТЫ
Қабылдау комиссиясы +7 747 651 81 35
+7 (7172) 50-18-30
Бухгалтерия +7 (7172) 52-41-48
Кадрлар бөлімі +7 (7172) 50-18-33
Оқу бөлімі +7 (7172) 50-18-35
 

Яндекс.Метрика

 
 
© 2026 ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ЖОҒАРЫ  КОЛЛЕДЖІ.
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН.