2023 жылғы 20 қарашада педагог Сауханова Гульнар Кусаинкызы Математика пәні бойынша ЕА-9-23-2 тобында арнайы ата-аналардың қатысуымен «Туындыны табу ережелері» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: Функциялардың туындысын табуды үйрету және дифференциялдау ережелерін есептер шығаруда қолдана алу. Сабақ мотивациялық «Нені арттырып, нені кеміткіңіз келеді?» деген сұрақпен басталып, ұжымдық бірлік күші көрсетілді. QR-код арқылы топқа бөлінген студенттер, үй тапсырмасын «Tarsia» әдісімен сұрақ – жауапты пирамида құру арқылы көрсете білді. Математикалық формулаларды табу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтады.