Жас педагогтер, Тайлак Айя Жаксылыковна және Алиева Фарида Арифовна, «Жастар лигасы» жобасы аясында «Үздік жас педагог» қалалық байқауына қатысып, Сертификатпен марапатталды.
Жас педагогтер, Тайлак Айя Жаксылыковна және Алиева Фарида Арифовна, «Жастар лигасы» жобасы аясында «Үздік жас педагог» қалалық байқауына қатысып, Сертификатпен марапатталды.
ӘРІПТЕСІМІЗБЕН МАҚТАНАМЫЗ!
Әріптесіміз, жас педагог, МЫРЗАЛИЕВА АҚЕРКЕ ҚАЛДЫБЕКҚЫЗЫ, «Жастар лигасы» жобасы аясында «Үздік жас педагог» қалалық байқауына қатысып, өте жоғары нәтиже көрсетіп, 19 колледждің 32 жас педагогтер арасынан дара шығып, жүлделі БІРІНШІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Әлеуметтік-кәсіби бейімделуі мен кәсіби педагогикалық құзыреттіліктерін ерекше көрсете алған ӘРІПТЕСІМІЗДІ шын жүректен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Толағай табыс, кәсіби шыңдалуда жетістікке жетуіне тілектеспіз!!!
2023 жылғы 26-қазан және 02-қараша аралығында өткізілетін “Мектеп” атты алдын-алу іс-шарасы аясында Астана қаласы “Байқоңыр” ауданы ПБ ЖПҚБ ЮПБ УПИ полиция майоры Татипанова О.К. студенттер арасында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында кездесу өткізді.
2023 жылдың 20 қазанында колледж педагог-психологы Танирбергенова А.Е. ұйымдастыруымен студенттер арасындағы байланысты нығайта отырып, бірін-бірі кеңірек танып білу, жағымсыз көңіл-күйден арылу, өзін еркін сезінуге көмектесу мақсатында “Біз біргеміз” тренингі 3 курс студенттері М9-21-2 тобымен өткізілді.
«Желбіре көк байрағым!»
2023 жылдың 24 қазаны күні Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде Қазақстан Республикасы күніне арналған «Желбіре көк байрағым» атты іс-шара өткізілді.
Мерекелік іс-шара Мемлекеттік туды акт залына салтанатты алып кіру мен Қазақстан Республикасының Әнұранын салтанатты шырқаумен басталды. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Д.Г.Құсаинова құттықтау сөзінде 1990 жылы қазан айының 25-і күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қаз КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданғанын, сол сәттен бастап-ақ егеменді Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастағаны, қабылданған декларация Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің іргетасы болып саналғанын баяндап, елімізге, ұжымға, жастарға болашақ өзіміздің қолымызда , біздің бүгінгі біліміміз бен еңбегімізде, іскерлігімізде, дәстүрлі құндылықтарға беріктігімізге байланысты болатындығын баяндады.
35 бет. Барлығы: 62