Logotype Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі
 
 

Астана қаласы Қазтұтынуодағы жоғары колледжінде 2025 жылы 8 желтоқсанда «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты тарих апталығының тарих пәнінің педагогы Құндызбекова Сәуле Мырзанқызы «Алаш қозғалысы және қазақ революционер-демократтардың саяси көзқарастары» тақырыбында А-9-25-2 тобында педагогтар мен ата-аналарға ашық сабақ жүргізді.Сабақта сергіту сәті, топқа бөліну «Kahoot.com» ойыны, «Түртіп алу стратегиясы, «GREAT» формуласы, эссе жұмысы, презентация, видеомен жұмыстар жүргізілді. Студенттер топтық жұмыстарында бірлесіп, Алаш зиялыларының идеясы, бағдарламасы, қызметін талдап, қосымша материалдар пайдаланды, сабақта оқылған эссе жұмыстары үздік бағаларын алды. Студенттер сабақтың барлық кезеңдерінде белсенділік көрсетті. Сабақ мазмұнды өтті, ата-аналар мен педагогтар жақсы лебіздерін білдірді.

2025 жылғы 5 желтоқсанда Астана қаласы әкімдігі «№3 қалалық емхана» ШЖҚ МКК ұйымдастыруымен «Дүниежүзілік еріктілер» күніне арналған және «Игі істер марафоны» жобасының қорытындысы бойынша гала-концерттік іс-шарасы өтті.

Бұл маңызды шара Тұран Университетінің қабырғасында өтіп, қаланың түрлі ұйымдары мен оқу орындары белсенді еріктілік қызметтері үшін марапатталды.

2025 жылдың 28 қараша күні Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасының заң мәселелері жөніндегі директордың орынбасары Шажанбаев Жеңіс Болатұлы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы атынан Қазтұтынуодағының жоғары колледжіне «Кәсіби маман» іріктеу байқауында «Жұмысшы кадрларды даярлайтын ең үздік колледж» номинациясын жеңіп алғаны үшін естелік сыйлық табыс етті.
Осындай ауқымды байқауларға қатысу және мойындалу – кадр даярлаудың қазіргі еңбек нарығы талаптарына толық сай келетінін жоғары деңгейде дәлелдейді!

Жұмыс мамандықтары жылы аясында №87 мектептің 9-сынып оқушылары үшін «Профильді сыныптар» жобасының жаңа кезеңі басталды.

 Сабақ барысында оқушылар колледж өмірімен, оқу бағыттарымен және «Сервис және тамақтандыру» мамандығының ерекшеліктерімен танысты.

 Оқушылар аспаздық өнер әлеміне еніп, Аспаз және Кондитер мамандықтарының ерекшеліктерін өздері көрді.      

2025 жылдың 18 қарашасында Қазтұтынуодағы Жоғары колледжінде жалпы колледждік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа 1–3 курс студенттерінің ата-аналары оффлайн және онлайн форматта қатысып, колледждің оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі маңызды мәселелер талқыланды. Жиналыстың негізгі мақсаты — “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы жайлы түсінік беру, колледж бен ата-аналар арасындағы өзара ынтымақтастықты арттыру, студенттердің оқу үлгерімін, тәртібін, кәсіби бағдарын және оқу процесінің сапасын бірлесе талқылау болды. Сонымен қатар ата-аналарға колледждің даму бағыттары, жаңашыл жобалар және студенттердің кәсіби өсу мүмкіндіктері туралы ақпарат жеткізілді.  Біз жиналысқа қатысқан барлық ата-аналарға колледжіміз жайлы жылы пікірлері мен білдірген қолдаулары үшін алғыс айтамыз!  Біз ата-аналармен тұрақты әрі тығыз байланыс орнату арқылы студенттеріміздің кәсіптік дамуы, тәрбиесі және сапалы білім алуы үшін ең қолайлы жағдай жасауға әрдайым дайынбыз!

21 бет. Барлығы: 93

 

ЭЛЕКТРОНДЫ АДРЕСІ college_tek@mail.ru
БІЗГЕ КЕЛІҢІЗ Астана қ., Кенесары 60
КОНТАКТЫ
Қабылдау комиссиясы +7 747 651 81 35
+7 (7172) 50-18-30
Бухгалтерия +7 (7172) 52-41-48
Кадрлар бөлімі +7 (7172) 50-18-33
Оқу бөлімі +7 (7172) 50-18-35
 

Яндекс.Метрика

 
 
© 2026 ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ЖОҒАРЫ  КОЛЛЕДЖІ.
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН.