2024 жылдың 15-29 мамыр аралығында өткізілген «World Skills Astana 2024» IX қалалық кәсіби шеберлік чемпионатының жүлдегерлері мен жеңімпаздарын құттықтаймыз!
️Қазтұтынуодағы жоғары колледжі 14 құзіреттілік бойынша қатысып жүлделі орындарға ие болды:
1 орын-3 құзыреттілік
«Мобильді қосымшаларды әзірлеу» құзыреттілігі – Абдигани Нұрасыл, «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 3 курс студенті, жетекшісі – Худабай Б. Х.;
«Прототиптеу» құзыреттілігі – Сейтби Ғалымжан, «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 3 курс студенті, жетекшісі – Мырзалиева А.Қ.;
«Бейнемонтаж» құзыреттілігі – Оразхан Фараби, «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 2 курс студенті, жетекшісі – Нағыметова Г.Қ.;
Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде «Жаратылыстану ғылымдары әлемінде» атты апталықтың жабылу салтанаты өтті. Жалпы білім беру циклдік комиссиясының төрайымы С.М.Құндызбекова апталық қорытындысымен таныстырды. Апталық барысында өткізілген ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларға қорытынды жасап, педагогтарға, студенттерге алғыс айтты. Педагог С.Т.Загипарова апталықтағы студенттердің белсенділігіне тоқталды.
Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде химия пәнінің оқытушысы Сембаева Шолпан Сағымбайқызы М-9-23-2 тобында «Органикалық химияға кіріспе» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Үй тапсырмасын тексеру үшін «Joyteka» платформасында сұрақтарға жауап беріп, студенттер өз білімдерін байқатты. Жаңа сабақта «Органикалық химия» бейнебаяны көрсетіліп, сабақтың тақырыбы ашылды, органикалық заттардың ерекшеліктері түсіндірілді.
18 бет. Барлығы: 61