2026 ж. 5 ақпан күні Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде «Профильдік сыныптар»жобасы аясында № 87 Абай Құнанбаев атындағы мектеп-гимназияның 9-сынып оқушыларына арналған тәжірибелік сабақ өткізілді.
Оқушылар аспаз мамандығымен жақынырақ танысып, тағам дайындау процесін өз көздерімен көрді. Практикалық бөлімде өз қолдарымен пицца дайындап, мамандықтың ерекшеліктерін байқап көрді. Бұл сабақ болашақ мамандықты таңдауға жақсы тәжірибе болды.

Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі