17.12 күні «Психологтар» күніне арналған, колледжіміздің студенттерінің психологиялық денсаулығын сақтау және нығайту, ұжымда қолайлы
психологиялық климатты орнату үшін жағдай жасау мақсатында «Өмірімізді жарқын етейік !» атты психология апталығының ашылуы болып өтті.
«МЕН ОҚЫП ШЫҚТЫМ, СІЗГЕ ДЕ ОҚУҒА КЕҢЕС БЕРЕМІН» библио-жарысы
11 желтоқсан күні колледжіміздің кітапханасында «Біртұтас тәрбие» жобасы және «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» тарих апталығы аясында 1 курс студенттері арасында «Мен оқып шықтым, сізге де оқуға кеңес беремін» атты библио-жарыс ұйымдастырылды. Бұл шара студенттердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және білімге ұмтылысын қолдау мақсатында ұйымдастырылды!
2024 жылдың 13 желтоқсан күні Қазтұтынуодағы жоғары колледжінде Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне арналған мерекелік іс-шара өтті.
“Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы!” атты салтанатты шарамызда ата-бабаларымыздың ел тәуелсіздігі жолындағы ерліктері мен бүгінгі тәуелсіздіктің қадір-қасиеті дәріптелді.
12 желтоқсан 2024 жылы Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде «Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы» атты тарих апталығының аясында ЕА-9-24-2 топ студенттерімен тарих пәнінің педагогы С. М. Құндызбекова Қазақстан тарихы пәнінен «Ұлттық мемлекеттің жаңғыртылуы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта «College SmartNation» журналы, Canva сайты, «Genially» әдістері пайдаланылып, студенттер тапсырмалар орындады. Студенттер «Қазақ елі» монументі жанында түсірген бейнебаянмен таныстырып, А3 форматта жеке жоба жасау арқылы қорғады.
9 бет. Барлығы: 61