Logotype Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі
 
 

Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде «Жаратылыстану пәндері-кәсіби шеберлікке қадам» тақырыбында жаратылыстану пәндері апталығы аясында колледж педагогтарына арналған «Қиын тақырыптарды меңгертудің заманауи әдістері» тақырыбында, химия пәнінің педагогы Ш.С.Сембаеваның ұйымдастыруымен семинар өткізілді. Семинарда Блум токсономиясы мен STEM әдістері туралы мәліметтер беріліп, педагогтар STEM әдістері бойынша тәжірибе мен шығармашылық қабілеттерін қатар дамытатын тапсырмалар орындады. Семинарда LearningApps платформасымен тапсырмалар берілді,phet simulation виртуалды лаборатория, Molview.org платфомасында молекула модельдерін 3D форматта құрастыру көрсетілді. Семинар соңында кері байланыс жүргізіліп, қатысушылар жылы лебіздерін білдірді.

2025 жылдың 11 сәуір күні жаратылыстану апталығы аясында физика пәні мұғалімі Кенжехан Ақжібектің ұйымдастыруымен «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысы өтті.

Зияткерлік сайысқа колледж студенттері қатысып, өз білімдері мен тапқырлықтарын сынға салды. Сайыс үш кезеңнен тұрды:

Бірінші кезеңде қатысушылар жаратылыстану пәндерінен қойылған сұрақтарға жылдам әрі нақты жауап беріп, жылдамдық пен білім деңгейлерін көрсетті.

Екінші кезеңде әр қатысушы 12 ұяшықтың төртеуін таңдап, ішіндегі тақырыптық сұрақтарға жауап берді. Бұл бөлім логика мен пәндік білімді қатар талап етті.

Стартап әлеміне саяхат!

10 сәуір күні Жаратылыстану пәндері апталығы аясында БҚЕ 9-24-2 және БҚЕ 9-24-4 топ студенттері Astana Hub стартап орталығына танымдық экскурсияға барды.

Экскурсия барысында студенттер түрлі саладағы, соның ішінде бағдарламалау бойынша заманауи стартап жобаларымен танысып, өз идеяларын жүзеге асыру жолдары туралы мол мағлұмат алды. Соның бірі - төлем жүйесін алақан арқылы басқаруға студенттер ерекше қызығушылық танытты. Компанияда Instagram, TikTok, Telegram т.б әлемге танымал әлеуметтік желілердің филиалдары орналасқан.

«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде ұйымдастырылған «Менің мамандығым» атты бейнероликтер байқауына қатысқан бейнеролик. Ұсынған Рахимова Аида ЕА-9-24-2 тобының студенті.

Қазтұтынуодағының Жоғары колледжінде мектеп оқушыларына кәсіби бағыт-бағдар беру, талапкерлерге колледждің білім беру бағдарламаларымен, оқыту жүйесімен, материалдық-техникалық базасымен және студенттік өмірімен танысуға мүмкіндік беру мақсатында 2025 жылдың 8-10 сәуір аралығында “Ашық есік” күні ұйымдастырылып, өткізілуде.

4 бет. Барлығы: 63

 

ЭЛЕКТРОНДЫ АДРЕСІ college_tek@mail.ru
БІЗГЕ КЕЛІҢІЗ Астана қ., Кенесары 60
КОНТАКТЫ
Қабылдау комиссиясы +7 747 651 81 35
+7 (7172) 50-18-30
Бухгалтерия +7 (7172) 52-41-48
Кадрлар бөлімі +7 (7172) 50-18-33
Оқу бөлімі +7 (7172) 50-18-35
 

Яндекс.Метрика

 
 
© 2025 ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНЫҢ ЖОҒАРЫ  КОЛЛЕДЖІ.
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН.