25 қазан – Республика күніне орай Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде «Менің елім – Қазақстаным!» атты салтанатты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – студенттердің бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және ел тарихына деген құрметті арттыру.
Мерекелік шара барысында тарих пәнінің оқытушысы Хасыхан Озат Республика күнінің тарихи маңызына тоқталып, 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның Қазақстан тәуелсіздігінің негізін қалаудағы рөлі туралы мазмұнды баяндама жасады. Сондай-ақ ел егемендігінің құндылығын, ұлттық бірлік пен тәуелсіздікті сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі