30 сәуір күні Қазтұтынуодағының жоғары колледждінде «Жас толқын» ЖДО және №3 емхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, «Отаншылдық және спорт-ұлттың рухы» дене тәрбиесі мен алғашқы әскери технологиялық дайындық пәндері апталығы аясында Қазақстан Республикасының спорт шебері, Азия чемпионы, Шотокан каратэден әлем, Қазақстан чемпионы,Ұлттық құрама мүшесі, қара белбеу иегері, халықаралық жарыстардың чемпионы және жүлдегері Жақсыбаева Венера Болатбековнамен кездесу болып өтті. Студенттерге салауатты тамақтану және жоғары дене белсенділігі, спортпен шұғылдану, күйзеліс пен күресе білу, темекіден, ішімдіктен бас тарту жолымен салауатты өмір салтын ұстану арқылы аурулардың алдын алып, денсаулықты және тартымды келбетті сақтап, сұлу да сымбатты, тәні мен жаны жас, белсенді болып жүруі жайында ақпарат берілді.