15-17 сәуір аралығында Астана қаласы Қазтұтынуодағының жоғары колледжінде «2025 – Жұмысшы мамандықтар» жылы аясында қала мектептері, лицейлері мен гимназияларының оқушыларына (ұлдар) арналған волейболдан қалалық жарыс өткізілуде.
Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, командалық рухты дамыту және кәсіби-техникалық білім беру ұйымдарының беделін арттыру.